Елбасы Армения Республикасының Президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Армения Республикасының Президентімен кездесті

03.06.2021

Елбасы Армения президенті Армен Саркисянмен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы татулықтың жоғары деңгейде екенін айта келе, өзге де өзекті мәселелерді талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Армения, Әзербайжан және Ресей мемлекеттерінің басшыларымен жүргізілген келіссөздің арқасында Ереван мен Бакудегі шиеленістің өз шешімін табатынына сенім білдірді.

 Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы:
 Қазақстан мен Армения арасында татулық талай жылдан бері қалыптасқан. Барлық Президенттеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болдым. Ереванға да талай рет жұмыс сапарымен бардым. Ол кісілер де бізге келді. Қазір сіздерде қиын кезең екенін білемін. Оң шешімін табарына сенемін.
Армен Саркисян, Армения Республикасының Президенті:
Жылы қабылдағаныңыз үшін алғыс білдірем. Қазақстанда біздің көптеген армян ұлтының өкілдері тұрады және олардың жақсы өмір сүріп жатқанын білемін. Сондықтан сіздерге рахмет.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу