Азия чемпионатының жеңімпаздары елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия чемпионатының жеңімпаздары елге оралды

03.06.2021

Бокстан биылғы Азия чемпионатына қатысқан спортшылардың бір бөлігі елге оралды. Жүлдегерлер мен жаттықтырушыларды жақындары мен жанкүйерлер Алматы әуежайында ерекше құрметпен қарсы алды.

 Ұшып келгендердің қатарында чемпиондар Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Фариза Шолтай, сондай-ақ күміс жүлдегерлер Әбілхан Аманқұл мен Қамшыбек Қоңқабаев бар. Естеріңізге сала кетейік, Дубайда өткен додада Қазақстан құрамасы ел қоржынына 8 алтын, 6 күміс және екі қола салып, жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Фариза Шолтай Азия чемпионы:
Жаттықтырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Федерацияға үлкен алғысымды білдіремін. Және де бұл жеңісімізді барлығымыз Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнадық.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу