Елдегі эпидахуал бойынша сандарды сөйлетсек. Қазір қызыл аймақта 3 өңір ғана қалды. Ал, 8 өңір жасыл аймақта болса, 6 облыста жағдай орташа.
Індетке шалдыққандар саны да азайып келеді. Кеше 1123 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 11 адам шалдығып, 3 адам қайтыс болған. Қазір 26 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 100-ге жуығы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Амангелді Сейітхан