Президент Қайрат Мәмиді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қайрат Мәмиді қабылдады

01.06.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Кездесуде конституциялық заңдылықтардың жай-күйі туралы жасалатын кезекті жолдауға дайындық барысы талқыланды. Биылғы жолдау Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады және Конституциялық Кеңес елдегі заң үстемдігін одан әрі күшейту жөнінде нақты ұсыныстар жасайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету ел дамуының негізгі шарты екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының қабдылдауында Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты та болып, сот жүйесін реформалау барысы туралы ақпарат берілді. Ол жаңа Азаматтық процессуалдық және Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстер еліміздегі инвестициялық ахуал мен бизнестің дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Айтуынша, енгізілген түзетулер тұрақты әрі бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев дербес сот төрелігін шетелдік озық тәжірибелерді пайдалана отырып қамтамасыз етудің маңызды екенін айтты.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу