Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

18.11.2020

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады. Аида Балаева Жолдау аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады. Азаматтық қоғамды дамыту мәселелеріне тоқталды. Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма жүктеді.   

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Кездесуде Ата заңның әлеуетін жан-жақты іске асыру, конституциялық заң жүйесін нығайту туралы ақпарат берілді. Оның бірі - Конституциялық Кеңестің құқықтық негізін жетілдіру және азаматтардың құқығын қорғау.

Фариза Мұсақызы 


Мемлекет басшысы Аида Балаева Президент Ақпарат және қоғамдық даму министрі

Хабарламаларға жазылу