Түркістан облысында жоғалған туристердің сөмкесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жоғалған туристердің сөмкесі табылды

01.06.2021

үркістан облысындағы Сайрам-Өгем табиғи паркі аумағында жоғалып кеткен екі саяхатшыдан әлі дерек жоқ. Бүгін «Қазавиақұтқару» тікұшағымен әуеден барлау жасау кезінде Өгем өзенімен бойлай ағып барып, ағаштарға қыстырылып қалған туристердің жол сөмкесі табылды. Ол айғақты зат ретінде полиция қызметкерлеріне берілді. Жоғалғандарды іздеу әрекеттеріне бүгін тағы екі мобильді топ қосылды. Олар табиғи парк аумағындағы 200-ге тарта шатқал мен өзендердің бойын жіті шолып шығуда.

Ерік Сарыбаев, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары: 
Тек бүгіннің өзінде 80-ге жуық жеке құрам 8 бағыт бойынша іздеуге кірісіп кетті. Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның аэровизуалды зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу