«Қымбат жандар» бағдарламасы Моңғолиядан іздеу салған туыстарды қауыштырды
«Қымбат жандар» бағдарламасының мамандары сонау Моңғолиядан іздеу салған туыстарды қауыштырды. Қандастарымыздың бірі, Баян-Өлгий тұрғыны Айдос Тілеухан редакцияға хат жазып, Жанарбек есімді нағашы ағасына іздеу салған еді. Ол 90-шы жылдары Қазақстанға көшіп келген. Сол қалпы жиендерімен хат-хабар алыспаған. Бағдарлама мамандары жедел іздестіру шараларына кірісіп, нағашысын тапты. Іздеу салған қандасымызға 2000 шақырымдық алыс жерден карантинге байланысты келу оңай емес. Сондықтан туыстар студияда онлайн қауышып, жөн сұрасты. Бағдарламаның толық нұсқасын осы жексенбі сағат 17:10-да арнамыздан көре аласыздар.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04