Грекияда туристердің келуіне рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда туристердің келуіне рұқсат берілді

28.05.2021

Грекия туристер үшін цифрлы сертификатты шілденің 1-де қолданысқа енгізеді. Онда адамның вакцина алғаны, тест нәтижесі мен антиденелері туралы ақпарат жазылады. Ел билігі аталған құжат туристердің еркін саяхаттауы үшін қажет деп отыр.

Чехияда дүйсенбіден бастап мейрамханалар, спорт залдары сияқты қоғамдық орындар далада ғана емес, ғимарат ішінде де жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар, Еуропа елдері мен тағы бірнеше мемлекеттен туристердің келуіне рұқсат берілді. Дегенмен олар коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс.

Ал Үндістанда індетке шалдыққандар саны азайып келеді. Соңғы 24 сағатта мұнда 186 мыңнан астам адамға «ковид» диагнозы қойылып, 3660 адам көз жұмды. Пандемия басталғалы елде коронавирус 27 жарым миллионнан астам адамнан табылып, 320 мыңға жуығы қайтыс болды. Дегенмен, құрбандар мен науқастар саны ресми статистикадан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Себебі, шалғайдағы талай елді мекенде қауіпті індетке шалдыққандар тізімге ілінбей жатыр деген болжам бар.

 Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу