Жібек жолы бойындағы туристік бағыттарды дамыту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жібек жолы бойындағы туристік бағыттарды дамыту мәселелері талқыланды

28.05.2021

Түркістанда туристік салада жұмыс істейтін 15 елдің бизнес-құрылымдарының өкілдері мен мамандары бас қосып, ежелгі қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтау және Жібек жолы бойындағы туристік бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады. Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» атты халықаралық форумда туризм саласын жаңаша дамытудың жолдары сөз болды. Форум аясында қатысушылар өңіраралық және халықаралық кооперацияның жаңа нысандарын дамыту, әсіресе трансшекаралық бағыттарды құру мәселелерін талқылады. Ал кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық және өзбек туроператорлары арасында Ұлы Жібек жолы бойында жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Ғабидолла Әбдірахымов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
Бүгінгі форумда біздің елде қандай орындар қызық, шетелден келетін азаматтарға қандай мүмкіншіліктер ашылады деген сұрақтармен келіп отыр. Соның бәріне біз бүгін жауап беруіміз керек. Түркістан қаласын жаңа туристік продукт деп атайды. Соны жаңадан құрып, таныстырып, тарату.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу