Екпеден кейін талмасы ұстаған медбике ісі тексеріліп жатыр
Дәрігерлер вакциналау барысы жайлы өзекті сұрақтарға жауап берді. Мәселен, кардиолог маман жүрек қан-тамыр аурулары бар азаматтардың да вакцина салдырғаны жөн дейді. Себебі жүрек алмастыру операциясын жасатқан 4 науқас коронавирус инфекциясын жұқтырып, екеуі қайтыс болған екен. Егер уақтылы екпе алғанда оларды аман алып қалу мүмкіндігі артар еді. Ал педиатр маман жаңа туған сәбилердің де коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін атап өтті. Бүгінде балалар арасында 16 мыңнан аса індет жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның 34-і жаңа туған сәбилерде кездесіпті. Сондай-ақ, жиында елімізде салынып жатқан вакциналардың сертификаты өзге мемлекеттерде де жарамды болуы үшін келіссөздер жүргізіліп жатқаны айтылды. Жауапты мамандар Алматыдағы екпеден кейін талмасы ұстаған медбике ісі бойынша тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22