Үндістанда «қара зең» індеті өршіп барады
Үндістанда коронавирустан жазылғандар арасында «қара зең» індеті өршіп барады. «Мукормикоз» деп аталатын ауру 11717 адамнан анықталған. Олардың көзі мен мұрындары қызарып, басы ауырып, жөтел, демікпе пайда болады. Дәрігерлердің хабарлауынша, «ковидті» емдеу кезінде қолданылған препараттар осы дертке себепші болуы мүмкін. Елдің денсаулық сақтау министрлігі мукормикоз инфекциясын ресми түрде эпидемия деп жариялайтынын хабарлады.
Ал Бразилияға коронавирустың «үндістандық» штамы қауіп төндіріп тұр. Ол Үнді елінен келген туристен анықталған. Мутацияланған вирус жылдам таралып кетуі мүмкін деп алаңдаған ел билігі әуежайлардағы бақылауды күшейтуді қолға алды. Мұнда «ковид» күніне 80 мыңнан астам адамнан анықталып жатыр.
Жансая Қапасқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02