Алматыда ауруханалар қалыпты жұмыс режиміне көшті
Алматыда эпиджағдайдың тұрақталуына орай инфекциялық стационар қызметін атқарған ауруханалар қалыпты жұмыс режиміне көшіп жатыр.
Мамандардың сөзінше, мегаполисте вирус жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу көрсеткіші төмендеген. Сондай-ақ, бұл бағытта жасақталған өзге ауруханалар да енді коронавирусқа шалдыққандарды қабылдамайды. Жалпы келер айда жағдай бұдан да түзеліп, қала «жасыл» аймаққа өтеді деген болжам бар. Қабылданған шектеу шаралары мен жаппай вакциналау осылайша оң нәтиже берді дейді мамандар.
Сондай-ақ, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы вакцинадан кейін аяқ-қолы тартылып қалған әйел туралы пікір білдірді. Айтуынша, бұл жағдайдың екпеге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Нариман Табынбаев, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Мұндай оқиға расымен болған. Видеодағы әйел перинатология және балалар кардиохирургия орталығына 5 ай бұрын акушер қызметіне орналасқан. 29 сәуір күні вакцина салдырып, жағдайы нашарлаған. Осылайша емханаға және кеше №7 ауруханаға барған. Оған тиісті көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.
Нұрхан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде көмек көрсетіледі
24.09.2026, 23:11
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетеді
24.09.2026, 23:10
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18