Ақтөбеде облыстық перинаталды орталығынан өрт шықты. Тілсіз жау мекеменің жертөлесіндегі төсек сақтайтын орыннан тұтанып, жоғары қабаттарға шарпыған. Абырой болғанда, адамдар дер кезінде құтқарылды. Өрт сөндіру бөліміне қоңырау таңғы сағат 10:23-те түскен.
Мамандар оқиға орнына тез жетіп, өртті сөндіріп үлгерді. 316 жұмысшы эвакуацияланды. Барлығы 61 өрт сөндіруші мен 11 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт кезінде перзентханадағы 97-і жас босанған ана мен 78 нәресте ғимараттың қауіпсіз бөліміне ауыстырылды. Сол мезетте босанып жатқан әйелдерге де қауіп төнген жоқ.
Нұрлыбек Жалмағамбетов, өрт сөндіру қызметінің бөлім бастығы:
Жоғары шақырту бойынша барлық қалалық өрт сөндіру бөлімдері, апаттық медициналық орталық, жедел құтқару жасағы, мемлекеттік емес өрт сөндірушілер, аэропорт күш құрылымдары жұмылдырылды. 5 шаршы метр жанған. Осы блокат орналасқан 4-інші қабатқа көтерілді.
Анар Әмірқұлова, облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары:
Босану бөлмесінде сол кезде 3 әйел толғатып жатыр еді, 2 әйел босанған. Ешқандай ешкімге қауіп болған жоқ.
Жақсыбек КЕМАЛ