Үндістанда циклонның соққысынан 6 адам мерт болды
Үндістанның шығысына алапат циклон жетті. Сондықтан бұл аймақта жауын құйып, жағалаудағы елді мекендерге теңіз толқыны соққы берді. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, дауылдың екпінінен 6 адам мерт болған. Сонымен қатар, табиғи апат қарсаңында аймақтан 1,1 миллион тұрғын эвакуацияланды. Ал, Бангладеште 200-дей ауылды су басып, мыңдаған адам тасқынның ортасында қалып отыр.
Үндістан үкіметі халықты құтқару мен көшіру операцияларына мыңдаған жауынгер мен төтенше жағдай қызметкерін аттандырды. Айта кетсек, 11 күн бұрын бұл мемлекеттің батысында сұрапыл циклоннан 140-тан астам адам опат болған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16