Түркістан облысы, Төлеби ауданында тауға шыққан жеті адам із-түзсіз жоғалып кетті. 21 мамыр күні Сайрам-Өгем шатқалына шыққан алты судент пен бір жасөспірімнен хабар болмаған соң, туыстары іздей бастаған. Бүгін екінші тәулік өңірдің құтқарушылары мен шекарашылар, сондай-ақ, полицейлер мен туыстары 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралап шықты. Іздеу шараларына тіпті тікұшақ пен екі пилотсыз ұшу аппараты жұмылдырылған. Бірақ нәтиже жоқ. Белгілісі, алтауы Назарбаев университетінің студенті болса, бір жасөспірім Кентаудағы лицей мектебінің түлегі.
Қанат Қарабалаев, Түркістан облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Өздері кеткен. Бірақ парктің табиғи парк өкілдеріне айтып кеткен. Біз осы бағытпен барамыз, 24-не қайтамыз деп айтылған. Үш бағытта іздестіру топ жүргізіліп жатыр. Қазір сағат 12-ден бастап тікұшақпен іздеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Айнұр Ақбаева