Еуропа елдері қалыпты өмірге орала бастады
«Спутник V» вакцинасын салдыртқан азаматтар Грекияға еш кедергісіз кіре алады. Өткен аптада ресейлік туристерді қабылдай бастаған Грекия үкіметі шетелдік меймандарға осыны қайта-қайта хабарлап жатыр. Ел билігі ПТР мен антиденелерге тест тапсырған шетелдіктерді де қуана қабылдамақ. Қарт құрлықтағы соңғы ахуалды әріптесім Нұрсұлу Қасымнан білейік. Нұрсұлу, Еуропа елдері шекараларын ашып жатқанына қарағанда эпидахуал тұрақталғаны ма?
Нұрсұлу Қасым тілші:Иә, Еуропа елдерінде қазір эпидахуал тұрақты. Ауруханаларда ковид жұқтырғандар саны азайған соң, комменданттық сағат, төтенше жағдай алынып тасталып, мейрамханалардың жазғы алаңдары, театрлар, мұражайлар ашылып жатыр. Халықтың қалыпты өмірге оралуына екпе науқанының қарқынды жүргізілуі де септігін тигізді. Бүгінге дейін әр алтыншы еуропалық толықтай вакцина алған. Тіпті, Мальта мемлекеті Еуропада бірінші боп ұжымдық иммунитет қалыптастырды. Ел тұрғындарына енді шілдеден бастап көшеде маскасыз жүруге рұқсат етілмек. Қарт құрлық елдері қазір көшеде үйсіз-күйсіз жүрген, тұрғылықты мекен-жайы жоқ азаматтарға да вакцина салуды бастады.Әзірге еуропалықтар бір-біріне ПТР тест тапсыру арқылы қатынауда. Одақ елдерінің сандық COVID сертификаты 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Сертификат тек екпе салдыртқандарға ғана берілмейді, ПТР тест тапсырғандар, ковидпен ауырып, ағзасында антиденелері бар азаматтар да сертификат алып, еркін саяхаттайтын болады. Еуропалық комиссия Одаққа мүше елдерге екпенің екі дозасын еккізген адамдарды карантинге жаппауды және олардан қосымша ПТР тест талап етпеуді тапсырды. Сондай-ақ, маусымнан бастап эпидахуалы тұрақты, вакцинаның екі дозасын алған үшінші мемлекеттердің тұрғындарына Еуроодақ елдеріне саяхаттауға рұқсат етілмек.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бақдәулет Ұлттық арна ұжымымен танысты
08.04.2026, 20:57
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды
08.04.2026, 20:49
Қытайлық ащы өнімдердің 75%-ы талапқа сай емес
08.04.2026, 20:22
Атты полицей адасқан баланы жапан даладан тапты
08.04.2026, 20:17
Үкімет халықтың табысын 2–3 пайызға арттыруды мақсат етіп отыр
08.04.2026, 20:16
Ұлттық банк: Теңге – Орта Азиядағы ең тұрақты валютаның бірі
08.04.2026, 20:14
Алакөл жағалауында жазғы маусымға дайындық жүріп жатыр
08.04.2026, 20:10
Трамп Тегеранның атысты тоқтату туралы ұсыныстарын қабылдады
08.04.2026, 20:10