Үндістанның шығыс жағалауында 1,1 млн адам қауіпсіз жерге көшірілді
Үндістанның шығысына алапат циклон қауіп төндіріп тұр. Сондықтан, бұл аймақтан 1,1 миллион адам эвакуацияланған. «Йаас» деп аталатын жауынды дауыл Одиша және Батыс Бенгал штаттарына соққы беруге жақын. Оның жылдамдығы сағатына 180 шақырымға жетеді деген болжам бар.
Халықты көшіру мен құтқару операцияларына мыңдаған жауынгер мен төтенше жағдай қызметкерлері тартылды.
Айта кетсек, былтыр мамырда дәл осындай табиғи апаттан бұл өңірде 100 шақты адам мерт болып, талай ауыл қирап, миллиондаған тұрғын жарықсыз қалған еді. Ал, осыдан 10 күн бұрын Үндістанда «Тауктае» циклонының соққысынан 140 адам қаза тапты.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11