Учаскелік инспекторлардың жалақысы өседі
Учаскелік полиция инспекторларының жалақысы тағы өсетін болды. Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашевтың мәліметінше олардың айлығы келер жылы 30 пайызға артады. Қазіргі кезде инспекторлар ай сайын 177 мың мен 266 мың теңгенің аралығында жалақы алады. Сондай-ақ, учаскелік инспекторлардың көмекшісі деген лауазым ашылған. Бұл мамандардың қызметін жеңілдетіп, тұрғындардың арыз-шағымын жылдам қарауға жол ашты. Келер жылдан бастап көмекшілердің де санын көбейту жоспарланып отыр.
Мұрат Баймұқашев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
Ауылдық аймақта жұмыс істейтін әр учаскелік инспектордың жанына көмекші бекіту жоспарланып отыр. Бұл өте қажет бастама. Алдын ала есеп бойынша инспекторлар мен олардың көмекшілерінің саны тағы 1 мың қызметкерге өседі. Қазірдің өзінде ел бойынша 6 мыңға жуық инспектор және 600-ден астам көмекші бар.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01