Павлодарда Абай ескерткішін қорлаған тұрғын қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Абай ескерткішін қорлаған тұрғын қамауға алынды

25.05.2021

 Павлодарда Абай ескерткішін қорлаған бұзақы сот үкімімен қамауға алынды. Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімшілігінің алдында тұрған ескерткішке 21 жастағы жігіт жұмыртқа лақтырып, дәретхана қағазын жайып кеткен. Полиция ұстағаннан кейін ол өзінің мас болғанын айтып, ақталуға тырысты. Ластаған ескерткішті тазалап, халықтан кешірім сұрады.    

Серік Марданов, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы:
Сот айыпталушының бұған дейін бірнеше мәрте заң бұзушылық әрекетке барғанын , оның ішінде ішімдік ішіп ұсталған, жол көлік апаты орнынан қашып кеткен сияқты деректерді ескеріп 7 тәулікке тар қамамаққа жабу жөнінде шешім қабылдады. Үкім әзірге заңды күшіне еңген жоқ.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу