Қызылордада 10 жастағы бала суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 10 жастағы бала суға батып кетті

25.05.2021

Қызылордада төртінші сынып оқушысы қала іргесіндегі каналға батып кетті.   

Атасымен бірге мал бағуға шыққан жасөспірім үлкеннің көзін ала бере суға шомылған. Төлдерді қайырып келген атасы немересін каналдан шығарып алғанымен, өмірін арашалап үлгермеді. Жалпы жыл басынан бері аймақта 12 адам суға кетті. Соның 8-і бала. 

Бақыт Ембергенов, облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының басшысы:
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін Қызылорда облысы бойынша 40 градусқа дейін ыстық болады. Судан абай болыңыздар. Әсіресе, ата-аналар кішкентай балдарды қараусыз қалдырмасын.

Қостанайда 9-сынып оқушысы суға кетіп көз жұмды. Қайғылы оқиға Әуежай шағын ауданы аумағында болған. Ер бала мектептегі соңғы қоңыраудан соң анасымен бірге үйіне қайтқан. Одан кейін достарымен бірге «Керуен» демалыс саябағына барған. Мұнда ойнап жүріп, жасанды тоғандағы шағын көпірден секірген. Куәгерлердің айтуынша, бала суға бірден батып кеткен. Содан қайтып су бетіне шықпаған. Маңайда жүргендер адамдар, полицейлер құтқармаққа тырысқанмен, ажалдан арашалай алмады.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу