Қарағанды облысында биыл 11 инвестициялық жоба жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында биыл 11 инвестициялық жоба жүзеге асады

21.05.2021

Биыл Қарағандыда үй кезегінде тұрған 3000 отбасы баспаналы болады. Оның 600-і көпбалалы шаңырақ. Бүгін баспасөз алаңында есеп берген Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек желтоқсан соңына дейін 700 мың шаршы метр тұрғын үйдің салынатынын айтты. Тек тұрғын үй емес, келер айда операциялық блок және ядролық медицина орталығы мен балаларды емдеуге арналған клиниканың құрылысы басталады. Жуырда екі жедел көмек беретін жаңа станция ашылады. Өңір басшысы елдегі екпе шараларының да қарқынды жүріп жатқанын айтты. Қазір вакцинаның екі компонентін алғандар саны 85 мыңға жуықтады.

Сондай-ақ өңір биыл 11 инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдеріне басымдық беріледі. Үш сүт фермасы мен қой шаруашылығын ашу жоспарланған. Әрі аймақта мың шақырымнан астам жол жөнделмек. Облыс әкімі Қарағанды-Балқаш тас жолының жөндеу жұмыстары қашан аяқталады деген сауалға жауап берді.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі: 
Енді кішкене шыдау керек. жаздың кезінде екі жолақ іске қосылады. Жылдың соңына дейін төрт жолақ бойынша бірінші санатты тамаша автобан болады. 3-4 айдың ішінді бұл жұмыс толық аяқталады.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу