Елімізге Tesla көліктерінің келуі жоспарлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге Tesla көліктерінің келуі жоспарлануда

21.05.2021

Жақын болашақта еліміздің жолдарында тесла көліктері қаптауы мүмкін. Америкалық миллиардер Илон Маск Tesla Қазақстан, Ресей және ТМД-ның өзге елдерінің нарығына кіргізілетінін мәлімдеді. Айтуынша Ресейде тоқпен жүретін көліктерді құрастыратын зауыт салу жоспарланып отыр. Машиналар сол арқылы Орталық азия, ТМД елдеріне жөнелтілмек. Әзірге елімізде тесла көліктерін қуаттайтын стансалар салынғаны белгілі.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу