Бозжыра шатқалына экологиялық қауіп төніп тұр
Бозжыра шатқалына өз бетімен барған туристер табиғатқа зиян тигізуде. Олар шатқал аумағына көлікпен кіріп, тау жыныстары бұзылуда. Сонымен қатар от жағып, қоқыс қалдықтарын шашып кетеді. Ал, соңғы 2 айда шатқалға 2 мыңға жуық турист келген. Алдағы уақытта олардың саны 3-4 есе артады деген болжам бар. Сондықтан мамандар жабайы туризмді тоқтатпаса, Бозжыраға экологиялық қауіп төнеді деп дабыл қағуда.
Орынбасар Тоғжанов, эколог:
10 сан жолмен қаптаған уақытта мына жерден аңның барлығы қашады, ал шөптің барлығын шаң басады. Бір ғана мақсат бар: мынау транспорт жүрісін бәсеңдету керек, туристердің қозғалысын тәртіпке келтіру керек. Алдымен жоғарыдан жол салу керек.
Естеріңізге салайық, Бозжыра шатқалынан 4 шақырым жерден визит орталығын салу мәселесі жыл басында қоғамдық тыңдауда талқыланған болатын. Инвесторлар таныстырған жобаны көпшілік қолдамай, кері қайтарылды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12