Ресейде аптап ыстықтан құмды дауыл тұрып, орман өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде аптап ыстықтан құмды дауыл тұрып, орман өртенді

20.05.2021

Еліміздің солтүстік аймақтарында болған құмды дауыл Ресейге жетті. Астрахань өңірі мен Дағыстанда дүлей дауыл тұрып, оның жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен. Салдарынан электр желілері үзіліп, көп қабатты бір үйдің балконы құлап, екі адам жараланды. Жергілікті тұрғындар өңірде бұрын-соңды мұндай құбылыс болмағанын айтып жатыр. Шаң-тозаңнан түк көрінбей, елді мекендердің бірінде қойшы бір отар қойынан көз жазып қалған. 

Синоптиктердің хабарлауынша, құмды дауылға ауа райының бірнеше күн ыстық болып, кейін күрт салқындауы себеп. Қазір жел сәл бәсеңдеген. Ал Сібірде апатап ыстық салдары орман өртіне әкелді. Ресей төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, мамыр айы басталғаннан бері шамамен 22 гектар алқап жанып, 138 өрт ошағы сөндірілген. Осыған байланысты, өңірде төтенше жағдай жарияланып, қауіпті аймақтардан 1300-дей адам көшірілді.

Индира Бегайдар



Хабарламаларға жазылу