Пандемия кезіндегі оқу жылы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пандемия кезіндегі оқу жылы қорытындыланды

20.05.2021

Елорда да биылғы оқу жылын қорытындылау мақсатында «Пандемия сабақтары» атты конференция өтті. Еске салсақ, былтырғы жылдың төртінші тоқсанынан бастап мектептердегі дәстүрлі білім алу онлайн форматқа ауыстырылған болатын. Нәтижесінде, елде 3 миллионнан астам оқушы қашықтықтан білім алды. Оқушылар мен ұстаздар бұл ретте жаңадан әзірленген OnlineMektep платформасын қолданған. Айта кету керек, платформаны BilimLand компаниясы мен «Назарбаев зияткерлік мектебі»мамандары әзірлеген. Жобаға жалпы 900 – ден аса мұғалім атсалысып, ай сайын 160 млн тг қаражат жұмсалған. Ал конференцияға қатысқан Білім және Ғылым вице министрі Шолпан Танатқызы мен жоба авторлары жаңа оқу жылында сапалы білімді кеңінен қолданатындарын айтты.

Рауан Кенжеханұлы, «Bilimland» компаниясының атқарушы директоры:
Пандемия кезіндегі оқу жылы оқытушыларға да, оқушыларға да және біз секілді техникалық жұмыс істейтін мамандарға да үлкен сын болды. Қазақстанық білім бағдарламасындағы барлық сыныптардағы пәндерді цифрландыру үлкен тәжірибе болды.Сол тәжірибенің арқасында біз пандемиядан кейінде сапалы білімді шалғайдағы ауыл оқушыларынада жеткізуге мүмкіндік аламыз.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу