Шығыс Қазақстанда жол апатынан бір үйлі жан қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жол апатынан бір үйлі жан қаза тапты

17.05.2021

Елімізде жол-көлік апаттары жиілеп кетті. Қызылордада жеңіл автокөлік жол бойындағы каналға аударылып, бір жолаушы ажал құшты. «Шкода» маркалы көліктің ішінде барлығы 5 адам болған. Оқыс оқиға «Қызылорда-Жезқазған» трассасының қаладан шыға беріс тұсында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, суға толы каналға ауып кеткен. Қайғылы оқиғадан қаза тапқан жолушы - 1961 жылы туған ер адам. Қалғандары дәрігерлердің көмегінен кейін үйіне қайтарылды.

Ал Шығыс Қазақстанда бірнеше күн бұрын жол апатынан бір үйлі жан қаза тапты. «Өскемен-Алтай» трассасында Вольво маркалы жүк көлігі жолдың жиегіне аударылып, жанып кетті. 37 жастағы көлік жүргізушінің қасында әйелі және кәмелет жасқа толмаған екі баласы болған.

Батыс Қазақстанда көлік апатынан екі адам қаза тауып, 39 жылқы жанып кетті. Тіркемесіне 40 жылқы тиелген КамАЗ және бос келе жатқан Mersedes-Benz жүк көліктері соқтығысып, түгелдей өртенді. Оқиға Самара-Шымкент күре жолының Қаратөбе ауданы аумағында болды. Қайтыс болған екі адамнан басқа, тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу