Қазақтың қазанаты құрып кетудің алдында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтың қазанаты құрып кетудің алдында тұр

17.05.2021

Қазақтың қазанатын сақтап қалу үшін кешіктірмей кешенді іс-шараларды қолға алу керек. Кезінде 44 мың бас болған жылқыдан қазір 48 бас қана қалған. Оның 14-і ғана бие. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының өкілдері мен атбегілер осылай деп дабыл қағып отыр. Бұл ретте ортақ ұсыныстарды топтастырып, тұқымды сақтап қалу мақсатында белді ғалымдарды да тарту маңызды. Бұған қоса, ат спорты, соның ішінде бәйгені ұйымдастыруда ортақ ереже қажет. Ауылдық жерлерде өткізілетін сан түрлі жарыстарды бақылауға алып, төреші, жаттықтырушы, тіпті шабандоздарға қатысты талаптарды күшейту керек. Оларға спорт атақтарын беруді де қолға алу қажет. «Ел деңгейінде өтетін бәйгенің шақырымдарын табиғаттың маусымына қарай реттеп отыру да аса маңызды», - дейді қауымдастық өкілдері.

Бекболат Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:
Қазақтың қазанаты дегеніміз Қостанай жылқысы деп айтады.  Бұл жерде кімге арқа сүйейміз дегенде аттың жанашылары атбегілерден ақыл сұраймыз. Ғалымдарға сүйенеміз, Меценаттардан көмек сұраймыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу