Павлодарда қоғамдық автобус апатқа ұшырады
Павлодарда қоғамдық автобус апатқа ұшырады. Көлік жолдан шығып кетіп, жарнама ілетін бағанға соғылған. Салдарынан 8 адам зардап шекті. Алдын-ала мәліметке қарағанда жүргізушінің денсаулығы нашарлап, қол-аяғының сіңірі тартылып қалған. Тежегішті басу қиындағандықтан, көлікті жолдан шығарып үлгергенге ұқсайды. Автобустағы жолаушыларға жедел медициналық көмек көрсетіліп, көбі үйлеріне жіберілді.
Жанна Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Екі бала және екі ересек адам ауруханаға жатқызылды. Автобус жүргізушісінің алкогольді ішімдікті татып алмағаны анықталды. Техникалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Әзірге көліктің қалай жолдан шығып кеткені белгісіз.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03