Қарағандыда көмір байыту фабрикасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда көмір байыту фабрикасы іске қосылды

13.05.2021

Қарағандыда күлі аз, жоғары сапалы көмір шығарылады. Жаңадан іске қосылған көмір байыту фабрикасының ТМД елдерінде баламасы жоқ. Жобаның құны 12 млрд теңге. Фабрикада 110 жұмыс орны ашылған. Жылына 2 миллион тонна байытылған көмір өндіріледі. Кәсіпорын қоршаған ортаға еш зиян келтірмейді, толықтай жабық циклде жұмыс істейді. Өндіріс тұтас автоматтандырылған. Алдағы уақытта өнімді экспортқа жіберу жоспарлануда. Жоғары сапалы отынды Қарағанды ферроқорытпа зауыты да пайдаланады.

Ерлан Нығматулин, Qaz Carbon ЖШС акционері:
Бүгінгі жаңадан ашылған фабрика 7 айдың ішінде салынған. Әрине, ол жай уақыт болған жоқ, қиын уақыт болды. Бірақ біздің әріптестеріміз, біздің компанияда істейтін мамандар бүкіл күшті салып, үлкен қуанышқа кенеліп отырмыз.

 Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу