Брюссельде Берлин Еуразиялық клубының 31-отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде Берлин Еуразиялық клубының 31-отырысы өтті

11.05.2021

Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартып, отандық экспортты дамыту мәселелері Брюссельде өткен Берлин Еуразиялық клубының 31-отырысында талқыланды. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары, еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді арнайы қатысып, елдегі экономикалық реформалар, пандемия кезінде халыққа көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау туралы баяндады. Қазақ үкіметінің қазір туризм мен аграрлық салаға инвестиция тартуға басымдық бергенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, осы жиын аясында Мұхтар Тілеуберді Германия, Люксембург, Бельгия кәсіпкерлерімен жеке-жеке кездесіп, инвестициялық жобаларды бірігіп жүзеге асыру жайын талқылады. Еуропалық кәсіпкерлер Қазақстандағы инвестициялық ахуалға жоғары баға беріп, қазақ экономикасына қаржы құюға дайын екендерін жеткізді.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу