Үндістанда коронавирустың өршуі Brent мұнайының бағасына әсер етеді - Сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда коронавирустың өршуі Brent мұнайының бағасына әсер етеді - Сарапшылар

11.05.2021

Үндістанда коронавирустың өршуі Brent мұнайының бағасына әсер етеді. Бұл туралы ақпараттық-талдау орталығының сарапшылары хабарлады. Айтуынша, қара алтын құны 67-68 доллардан асқанда ғана теңге біршама тұрақталады.  Дегенмен әлемдегі жағдайға байланысты қазір шикізат бағасы құбылып тұр. Оның үстіне Үндістанда вирустың жаңа штамы пайда болды. Мамандар әзірге доллар 428, еуро – 520, ал рубль 5 теңге, 75 тиынға теңеседі дейді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу