Мәскеуде Жеңіс күніне орай фотокөрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Жеңіс күніне орай фотокөрме ашылды

06.05.2021

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жеңіс күніне орай Мәскеуде фотокөрме ашылды. Көрмеде Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлерінің суреттері қойылған. Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мың адам жіберіліп, оның ішінде 600 мың азамат қайта оралмады. Отты жылдардың көрінісі сол боздақтарды еріксіз еске түсіреді. Эксклюзивті суреттердің дені Нұрсұлтан Назарбаев қорының мұражайы мен Қарулы күштердің әскери-тарихи музейінен алынған.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу