Жеңіс күніне орай автошеру ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіс күніне орай автошеру ұйымдастырылды

10.05.2014
Жеңіс күніне орай автошеру ұйымдастырылды
Атырауда автошеру ұйымдастырылды. Шараға жүзге тарта көлік қатысты. Олар қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, барша жұртшылыққа құрмет көрсетті, мерекемен құттықтады. Содан кейін, автошеруге қатысушылар «Жеңіс» саябағына барып, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды, майдангерлер руһына тағзым етті. Жалпы Атырауда мұндай шара осымен үшінші мәрте өткізіліп отыр. Жыл санап шеруге қатысушылар қатары артып келеді. 
 
Павел Тулин, шараны ұйымдастырушы:
Бұл шеруге бір айға жуық дайындалдық. Шараның болатынын әлеуметтік желіде жарияладық. Адамдар бірі-бірінен естіп, қатысуға ниет білдірді. Басты мақсатымыз – бейбіт күн сыйлаған ата-әжелерімізді ардақтау, құрметтеу. Біз жастар осы бейбіт, тыныш заманды сақтауымыз қажет.
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу