Оңтүстік-Шығыс Азияда індет өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік-Шығыс Азияда індет өршіп тұр

06.05.2021

Үндістанда өткен күні 412 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды. Бұл – соңғы екі аптадағы екінші жоғарғы көрсеткіш.  Ауруханаларда орын тапшылығынан, дәрігерлер науқастарды жедел жәрдем көлігінде емдеуге мәжбүр. Емдеу мекемесі ретінде оқу орындары, шіркеу ғимараттары, тіпті пойыз вагондары да қолданылып жатыр. Елде медициналық оттегіге сұраныс жеті есе өскен. Десе де тыныс алу аппараттарының тапшылығынан қайтыс болып жатқандар да бар.

Пандемия Үндістанға көршілес Непал, Таиланд, Лаоста да ушығып барады. Осыған байланысты аталған елдерде карантин талаптары күшейтіліп, алыс-жақын сапарларға тыйым салынып жатыр.

Индонезия да Рамазан айының аяқталу қарсаңында ішкі саяхаттарға шектеу қойды. Себебі ірі қалаларда миллиондаған адам діни мейрамды жақындарымен атап өту үшін үйлеріне барады. Қатаң тәртіпті қадағалауға полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы мұнда «ковидті» 1 миллион 700 мыңдай адам жұқтырған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу