Алматыда мониторингтік топтардың жұмысынан заңбұзушылық анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мониторингтік топтардың жұмысынан заңбұзушылық анықталды

05.05.2021

Алматы прокурорлары мониторингтік топтардың жұмысынан заңбұзушылық анықтады. Мәселен, тексерушілердің бірі күндізгі уақытта бос кафелерге кіріп, келушілердің жоқтығына қарамастан, кәсіпкерлерге айыппұл салмақ болған. Қазір құзыретін асыра пайдаланған қызметкер жауапкершілікке тартылды. Жалғыз тексеріс жүргізу заңсыз. Сондықтан мұндай әркетті байқағандар құзырлы органдарға шағымдана алады. Және нысан ішіне кіргізбеуге құқылы. Сондай-ақ, прокуратураның сall-орталығының хабарласуы керек. Ал топ құрамында кемінде әкімдік өкілі, полиция мен «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасының мамандары болуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу