Өскемендегі «Евромед» клиникасы мемлекеттің қолдауы арқасында 130 жаңа жұмыс орнын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі «Евромед» клиникасы мемлекеттің қолдауы арқасында 130 жаңа жұмыс орнын ашты

04.05.2021
0:00:00
0:00:00

Өскемендегі «Евромед» клиникасы мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында 130 жаңа жұмыс орнын ашты. Күнделікті қабылдайтын науқастар санын екі есеге арттырды. Соңғы 7 жылда «Даму» қоры арқылы 500 миллион теңге жеңілдетілген несие алған. Қаражаттың басым бөлігі екінші ғимарат сатып алуға жұмсалған. Емдеу орны күн сайын, орта есеппен, 120 адамға қызмет көрсетеді. «Бизнестің жол картасы» бойынша берілген пайызы төмен несиенің арқасында шаруамыз ширай түсті дейді, компания басшылығы. Енді медициналық құрал-жабдықтарды жаңалап алуды жоспарлап отыр.

Ольга Виноградова, «Евромед»ЖШС қаржы директоры:
Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауәа алғысымыз шексіз. «Даму» қоры арқылы жүзеге асатын бағдарламаларға бұрын негізінен кепілдігі бар үлкен бизнес нысандары қатысса, бүгінде жеңілдетілген несие шағын және орта кәсіпкерлікке де қолжетімді. Кез келген бизнестегідей бізде де қиындықтар болды, әсіресе пандемия басталғалы бері, бірақ Үкімет қолдауының арқасында олардың бәрін еңсеріп келеміз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу