Шымкенттегі «Жаңа талап кондитерлік өнімдері» кәсіпорыны тәулігіне 3,5 мың нан пісіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі «Жаңа талап кондитерлік өнімдері» кәсіпорыны тәулігіне 3,5 мың нан пісіреді

30.04.2021

Шымкенттегі «Жаңа талап кондитерлік өнімдері» кәсіпорыны мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында өндірістік технологияны жетілдіріп, шығаратын өнім түрлерін көбейтті. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша 15 миллион теңге несие-қаржы алған өндіріс орны қазір наубайханада тәулігіне 3 жарым мың нан пісіреді. Және мұнан бөлек 15 түрлі кондитерлік өнім түрін әзірлейді. Дайын өнім негізінен Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласындағы сауда нүктелері арқылы тұтынушыларға жеткізілуде. Кәсіпорында екі ауысыммен 45 адам жұмыс істейді. Олардың бәрі жергілікті тұрғындар. Жұмысшылар айына орта есеппен 60 мың теңге жалақы алады.

Эльмира Исламқұлова, кәсіпорын басшысы:
Дамудың тиімділігі 5 процент. Ол өте жеңіл. Оған біз көліктер, пештер, миксер т.б. кондитерлік цехқа керекті қондырғылар алып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу