Павлодарда әскерден қашқан екі азаматқа қатысты іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда әскерден қашқан екі азаматқа қатысты іс қозғалды

04.05.2021
0:00:00
0:00:00

Павлодарда әскерден қашқан екі азаматқа қатысты іс қозғалды. Шақырту аләан екі жігіт қорғаныс істері департаменті ғимаратының үшінші қабатынан секіріп қашқан. 23 жастағы азамат аяғын сындырып ауруханаға түсті. Енді оған ота жасалады. Ал, екіншісі- Екібастұз қаласы футбол командасының намысын қорғаған 20 жастағы Рүстем Назымбековке іздеу жарияланды.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Олар әскерге шақырушылар жататын казарма терезесінен шығып кеткен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық заңның 387-ші бабының бірінші тармағы бойынша іс қозғалды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу