Оралда қалалық саябақтағы істен шыққан аттракционға қатысты тергеу басталды
Оралда қалалық саябақтағы істен шыққан аттракционға қатысты тергеу басталды. Сенбі күні әткеншектен 8 бала құлап, жарақат алды. Қатты айналып тұрған аттракцион кілт тоқтап, орындықтар бір-біріне соғылған. Абырой болғанда, балалардың аяқ-қолы сынып, миы шайқалмаған. Дәрігерге қаралғаннан кейін, үйлеріне жіберілген. Қазір әткеншектің не себепті істен шыққаны анықталып жатыр. Кәсіпкер жапа шеккендерге өтемақы төлемек.
Антон Ротштайн, кәсіпкер:
Кез келген аттракционды 15-20 жылға дейін пайдалануға болады. Бұл әткеншек 2012 жылы зауыттан шыққан. Қолдану мерзімі өткен жоқ. Балалардың жағдайы жақсы. Ата-аналармен сөйлесіп тұрамыз. Бәрінен кешірім сұраймыз. Өтемақы төлеуге әзірміз.
Мөлдір Садырғалиева облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы:
Аталмыш жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай анықталуда.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресеймен арадағы сауда көлемі 6,6%-ға артты
11.04.2026, 20:23
Волейболдан Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталады
11.04.2026, 20:19
Түркістандық тұрмыстық қалдықты табыс көзіне айналдырды
11.04.2026, 20:17
Республикалық ата-аналар форумы өтті
11.04.2026, 20:15
Maqsut Narikbayev University-де жасанды интеллект бойынша тегін «AI Upgrade» курсы іске қосылады
11.04.2026, 20:14
Ғұмырын ғылымға арнаған Қаныш Сәтбаев
11.04.2026, 20:12
Қарағандыда ғылым күніне орай халықаралық конференция өтті
11.04.2026, 20:10
Қазақстан тарихының бесінші томы бекітілді
11.04.2026, 20:09