«Көкжайлау» курортына қатысты тергеу жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көкжайлау» курортына қатысты тергеу жалғасып жатыр

19.11.2020

Алматыда «Көкжайлау» демалыс орнын құруға жұмсалған қаржыға қатысты тергеу қайта жалғасып жатыр. Тараптардың келісімге келуіне байланысты 25 тамызда тергеу ісі аяқталған еді. Алайда қалалық прокуратура бұл шешімді мақұлдамады. Қазір мемлекеттік органдардағы жауапты қызметкерлер мен мердігер мекеме өкілдері электр желілерінің құрылысына бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді басталды. Тергеу ісін Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізіп жатыр.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу