Қызылорда облысында екі адамнан конго-қырым қанды безгегі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында екі адамнан конго-қырым қанды безгегі анықталды

04.05.2021
0:00:00
0:00:00

Сыр өңірінде кене шаққан екі адамнан Конго-Қырым қанды безгегі анықталды. Екеуі де Шиелі ауданының тұрғындары. Қазір науқастардың өміріне қауіп жоқ, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында тиісті емін алып жатыр. 

Биыл облыста кене шағу деректері көбейген. Тұрғындардың дер кезінде дәрігерлерге жүгінуінің арқасында өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ, дейді мамандар. Жалпы аймақта 113 елді мекен қауіпті зиянкестердің ошағы саналады. Осы жылы өңірдің оңтүстік аудандарында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Эпидемиологтар Конго-Қырым қанды безгегіне қарсы дәрі-дәрмек қоры жеткілікті деп отыр.

Әлия Әбдіқайымова, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Наурыздың басынан-ақ табиғатта ірі имаго дейміз, ересек кенелердің шығып кеткенін барлау жұмыстары барысында біздің мамандар анықтап отыр. Былтыр кенелердің зақымдану көрсеткіші 1,7 пайыз болса, ал биыл бұл көрсеткіш 5,4 пайызды құрап отыр.

Әділбек Серікұлы

қызылорда конго қырым кене

Хабарламаларға жазылу