Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «QALLEKI» лабораториясы ашылды. Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» туындысы негізінде алғашқы қойылымның тұсаукесері өтті.
«Ұйқым келмейді» драмасының режиссері -Бәзіл Сұлтанғазы. Бұл оның алғашқы режиссерлық жұмысы. Ал қала халқы туындыны үш күн қатарынан 21:00-де тамашалай алады. Яғни «QALLEKI» лабораториясы – Елордалықтарға арналған алғашқы кешкі театр. Бұл тәжірибе алмасып, тың идеяларды ортаға салып, ерекше қойылымдар ойластыруға арналған жоба. Лаборатория аясында шетелдік мамандармен шеберлік сағаттар ұйымдастыру, жазушы-драматургтермен кездесу, пьесса талқылау жоспарланып отыр.
Бәзіл Сұлтанғазы, актер, режиссер:
Ешқандай шектеу жоқ. Біздің жүрегіміз нені қалайды, соны көрермен назарына ұсынамыз. Лабораторияның ерекшелігі - осы.
Ақниет Балтанова