Елімізде тұрғындардың табысы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұрғындардың табысы артып келеді

30.04.2021
0:00:00
0:00:00

Елдегі тұрғындардың табысы артқан. Ұлттық статистика бюросы бірінші тоқсандағы орташа жалақы мөлшерін жариялады. Ол 230 мың теңге. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15 пайызға өскен. Ол кезде орташа табыс мөлшері 200 мың теңге еді. Ал салалар бойынша айтсақ, жоғары жалақы тау-кен өнеркәсібі қызметкерлеріне тиесілі. 510 мың теңге. Төмен табыс - ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында. Ол 116 мың теңге. Ал өңірлер бойынша Атырау облысы көш бастап тұр. Орташа жалақы 406 мың теңге. Төмен табыс Солтүстік Қазақстан облысында 166 мың теңге. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу