Елімізде медиаторлардың маңызы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде медиаторлардың маңызы артып келеді

26.02.2018

Қазір қоғамда медиаторлар қызметінің маңызы артып келеді. Мәселен, былтыр Алматының Алатау ауданында 600 қылмыстық іс қаралған. Солардың жартысына жуығы медиаторлардың көмегімен оң шешілген. Ал, 100-ге жуық азаматтық іс сотқа жетпей, бітімгершілікпен аяқталған. Мамандар медиацияға жүгінсе, дауласушылардың бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс демей, екі жаққа да тиімді жолды іздейді. Осылайша, тараптарды дауластырмай, ортақ келісімге келуге күш жұмсайды. «Сондықтан, бұл қызметтің ауқымын әлі де кеңейте түсу маңызды», - дейді сарапшылар. 

Марат Нұрбеков, Алматы қаласы Алатау аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы:

- Қазіргі таңда осы медиатордың арқасында екі тарап бітімгершілікке келіп жатыр.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу