Атырау облысында алдағы демалыс күндері екпе бекеттері жұмысын тоқтатпайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында алдағы демалыс күндері екпе бекеттері жұмысын тоқтатпайды

30.04.2021

Алматы облысының шалғай елді мекендерінде вакцинациялау қарқынды жүріп жатыр. Облыс орталығынан 320 шақырым жерде орналасқан Бақанас ауылында тұрғындар өз еріктерімен екпе алып белсенділік танытуда. Қазіргі таңда 30 мың халқы бар Балқаш ауданының 2 мың тұрғыны вакцинаның бірінші компонентін алды. Жалпы ауданда 4 стационарлық және екі жылжымалы екпе пункті қызмет көрсетуде. Ал Алматы облысы бойынша екпе алғандар саны 140 мыңнан асты. 20 мың тұрғын вакцинаның екінші компонентін салдырған.

Дәурен Иманәлиев, Балқаш аудандық ауруханасының бас дәрігері:
Құйған ауылына барып салғанымызда 200 адам келді. Халық өздері түсініп, вакцинасыз бұл ауруды тоқтатуға мүмкін еместігіне көздері жетіп жатыр.
Нәзипа Ақылбаева, Бақанас ауылының тұрғыны:
Енді бұл індет тоқтау үшін барлық халық вакцинаны алу керек шығар. Содан кейін де бұл індеттен құтылатын шығармыз. Әйтпесе өзі тегі ұзарып кетті. Осы індет осы вакцинаны алғаннан кейін тоқтайтын шығар деп ойлаймын.

Ал, Атырау облысында алдағы демалыс күндері 36 вакцина егу пункті жұмыс істейді. Қазір қаладағы кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысшыларына 12 мобильді бригада екпе салып жатыр. Бүгін облысы әкімдігінің ғимаратында да вакцинациялау пункті ашылды. Егу бөлімшесінде дәрігерлердің екі көшпелі бригадасы жұмыс істеуде. Өткен тәулікте 3 мыңнан астам тұрғын вакцина алып үлгерді.

 Қуаныш Қанатұлы, Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу