Қарағанды-Балқаш автожолының пайдалануға берілу мерзімі шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды-Балқаш автожолының пайдалануға берілу мерзімі шегерілді

30.04.2021

Қарағанды-Балқаш автожолының пайдалануға берілу мерзімі бір жылға шегерілді. Құрылыс жыл басында аяқталуы керек еді. Жұмыстың жартысы ғана істелді. Шаруаның созбалаңға салынуына пандемия себеп. Тура екі жыл бұрын басталған жобаны қазақстандық және қытайлық компаниялар іске асырып жатыр. Құрылыс құны - 243 миллиард теңге. Автобан салынса, Балқаштың туристік әлеуеті артады дейді мамандар. Бір жылда демалуға баратындар санын жарты миллионға жеткізу көзделген. Десе де былтыр Балқашқа небары 33 мың адам барған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу