Қарағанды-Балқаш автобанында апат жиілеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды-Балқаш автобанында апат жиілеген

31.08.2023

Алматы-Екатеринбург тасжолында екі аптада 20-дан астам адам көз жұмған. Басым бөлігі Қарағанды-Балқаш учаскесінде орын алған. Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қоғам белсенділерімен және «ҚазАвтоЖол» филиалының мамандарымен бірге тасжолдың жай-күйін назарға алды. А

втокөлік жүргізушілерінің айтуынша, адам өліміне әкеп соғатын жол-көлік оқиғалары аз емес. Оның бірден-бір себебін Қарағанды-Балқаш тасжолындағы күрделі жөндеудің ұзаққа созылуымен байланыстырады. Мердігерлер автобанды толықтай пайдалануға береміз деген уәдені 2022 жылы айтқан болатын. Алайда коронавирустың өршуі және құрылыс материалдары бағасының өсуіне байланысты нысанды аяқтау мерзімі 2024 жылға шегерілген. Автобан бойында жолмен жүруге кедергілер өте көп.

Руслан Никонович, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі:

Меніңше, жолдың бойы таза болса апатты жағдай орын алса да жүргізушілердің амалдап сақтануына мүмкіндік болар еді. Жүргізуші қарсы жолақтан шығып кетуге әрекеттенген бойда жолдың тарлығы, шашылып жатқан тас пен құм үлкен кедергі келтіреді. Біраз аумақ әлі асфальтталып бітпегендіктен жабық тұр. Сондықтан біз мердігерден жолдарды үнемі тазалауды, жұмысты жеделдетуді талап еттік. 

Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер арасында дұрыс тынығып алмай көлік тізгіндей беретіндер жиі кездеседі екен. Оның үстіне әлі толық бітпеген, кедергілері көп автобанмен жол ережесін бұзып, жылдамдықты асыра жүйткиді. Көлік апатынан адам өлімі жиілеуіне байланысты байланысты қазір жол-патрульдік бақылау екі есе күшейтілген.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу