Петропавлда емхана қызметкерлерін гранатамен қорқытқан азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда емхана қызметкерлерін гранатамен қорқытқан азамат ұсталды

28.10.2020

Петропавлда 58 жастағы ер адам емхана қызметкерлерін гранатамен қорқытқан. Жарылғаш затты құқық қоғаушылар тәркілеп, арнайы контейнерге салған. 100-ден астам пациентті шұғыл эвакуациалауға тура келді. Тәртіп бұзған азамат ұсталды. Оның ауған соғысы ардагері екені анықталды, айтуынша гранатаны үш жыл бұрын тауып алған. Соғыс қаруын заңсыз сақтап және жұртты қорқытқаны үшін екі бап бойынша сотталуы мүмкін. 

Сағындық Сәбитұлы                                                           

Петропавл граната

Хабарламаларға жазылу