Қазақстанда күн сайын 6-7 адам өкпенің қатерлі дертінен көз жұмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда күн сайын 6-7 адам өкпенің қатерлі дертінен көз жұмады

29.04.2021

Өкпенің қатерлі індетінен күн сайын 6-7 қазақстандық қайтыс болады. Аты жаман ауруды зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметіне сай, әлемде жыл сайын 2 миллиондай адам осы аурудан көз жұмады. Дерттің алдын алу мақсатында Алматыда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Онлайн шараға Италия, Испания, Ресей, Түркия және Белоруссиядағы онкологиялық орталықтардың жетекші сарапшылары катысуда. Олар дерттің пайда болу механизмдерін талқылады. Өкпе қатерлі ісігін диагностикалау мен емдеудің заманауи медициналық технологиялары туралы сөз етті. Сондай-ақ, науқастарды оңалту және паллиативтік көмек тетіктерін де көтерді. Қазақстандық онкологтардың дерегінше, жыл сайын төрт мыңдай адам өкпенің қатерлі ісігі диагнозымен тіркеледі.

Нұрлан Балтабеков, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» басқарма төрайымының орынбасары:
27% пайызы ғана 1,2 кезең. 1 кезең тек 6 %. Шетелдерде де сондай. Бірақ, біздің мақсатымыз егер бізде скрининг кезінде өкпеге КТ жасасақ нәтижелер өзгереді. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу