Маңғыстауда электр желісі бағанасынан құлаған жұмысшыға жедел жәрдем дер кезінде келмеген
Маңғыстау облысында электр сымдарын жөндеу кезінде тоққа түскен жұмысшыға жедел жәрдем дер кезінде келмеген. Тап осы сәтті түсіріп алған куәгерлер осылай деп шағымданды.
Оқиға Ақтау қаласына іргелес Атамекен аулында болды. Сұлық түсіп жатқан жұмысшыға медицина қызметкерлері дер кезінде келмеген. Себебі, жедел-жәрдем қызметі оқиға орнынан 300 метр қашықта орналасқан. Бірақ, аталған қызметтің басшысы мұнымен келіспейді. Мамандар уақытында барып көмек көрсетіп, науқасты облыстық ауруханаға жеткіздік деп отыр. Айтуларынша, жұмысшыны тоқ соқпаған. Бағанадан құлап, жамбасына зақым келген.
Айларбек Ширшикбаев, облыстық жедел-жәрдем станциясы директорының міндетін атқарушы
Бұл шақырылым категория бойынша 2-ші категорияға жатады. 225 бұйрық бойынша 15 минуттатың ішінде қызмет көрсетілуі тиіс. Біздің Маңғыстау облыстық жедле жәрдем станциясының қызметкерлері 13 минутта жетті, уақытында қызметтерін көрсетті, кешігу болған жоқ.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53